Министр құрылыс жұмыстары ең жоғары жүргізіліп жатқан өңірлерді атады

10 Қараша 2021, 09:27
1142
Бөлісу:
Министр құрылыс жұмыстары ең жоғары жүргізіліп жатқан өңірлерді атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлім етті.

Оның айтуынша, тау-кен өнеркәсібінде өсім байқалуда. Есепті кезеңде сала бойынша өндіріс көлемі 0,1%-ға артқан.

Салалар бойынша өндіріс металл кендерін өндіру 4,1%-ға, тау-кен өнеркәсібі 2,1%-ға, көмір өндіру 0,2%-ға өсті.

Шикі мұнайды, газды және өзге де пайдалы қазбаларды өндіру салаларында өндірістің әлі де теріс көрсеткіштері сақталуда, - деді Ұлттық экономика министрі.

Ол өткен 10 ай қорытындысы бойынша орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 7,6%-ға өскен айтты.

Құрылыс секторы жоғары деңгейді көрсетіп отыр. Көрсеткіштің оң өсімі 16 өңір бойынша тіркелді. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең жоғары өсуімі Маңғыстау және Ақмола облыстарында, сонымен қатар Алматы қаласында байқалды, - дейді Әсет Ерғалиев.

Өзгелердің жаңалығы