Министр карантинді бұзғандар қандай әкімшілік жазаға тартылатынын айтты

15 Шілде 2020, 17:37
2632
Бөлісу:
Министр карантинді бұзғандар қандай әкімшілік жазаға тартылатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да "Карантин кезіндегі азаматтар мен бизнестің құқықтары мен міндеттері" тақырыбында өткен онлайн конференция барысында айтты.

"Қазіргі карантин режимі көктемде болған карантиннен айырмашылығы қандай?" деген сұрақтар келіп түіп жатыр. Әрине, құқықтық режим әртүрлі. Қазір экономика көп зардап шекпес үшін халық экономикалық белсенді болып отыр. Қазір бұл міндеттер адамдарға жабық қоғамдық мекемелердегі талаптарды орындауына байланысты болады. Егер көктемде әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 476-бап қолданылса, қазір әкімшілік кодекстің 425-бап бойынша жаза қолданылады, - деді министр. 

Министр заңгерлер арасында бұл мәселеге қатысты көп пікірталас болғанын айтты.

Бұл баптың талабы заңды бұзуға сілтеме жасайды. Карантин талабы күшейген кезде ондай жауапкершілік заңнамада көрсетілмеді. Бұл жауапкершілік 5 шілдеде денсаулық сақтау министрі бекіткен карантин талаптарында көрсетілген. Ол құжатты Әділет министрлігі тіркеді. Барлық қажетті сайттарда жарияланды. Егер бұл тәртіпті оқымағандар болса, айтарым, бұл әлеуметтік арақашықтық, маска тағып жүру және антисептиктерді қолдану. Бұл талаптарды ешкім жасырып отырған жоқ, - деді Бекетаев. 

Министр 462-бап бар екенін айтты. 

Бұл баппен көбі шатастырып жатыр. Бірақ, бұл бап бойынша санитарлық органдардың ұсынымынан кейін ғана жауапкершілікке тарта алады, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы