Министр 42500 теңге алу үшін неге 2651 теңге алынатынын түсіндірді

11 Сәуір 2020, 21:37
3326
Бөлісу:
Министр 42500 теңге алу үшін неге 2651 теңге алынатынын түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42500 теңгелік әлеуметтік төлемге байланысты тағы бірнше маңызды сауалдарға жауап берді.

Қымбатты достар, мен төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты табысынан айрылған жағдайда (42,500 теңге) әлеуметтік төлемдерге қатысты кейбір сұрақтарға түсінік бергім келеді.

42500 теңге бір рет тағайындалады және ай сайын төленеді.  Мысалы, төтенше жағдай режимі тағы бір айға (15 мамырға дейін) ұзартылса, 42 500 теңге тағайындалған адамдар оны 15 сәуірден кейін де ала береді. Сонымен қатар сізге қайтадан өтініш берудің қажеті жоқ. Біз төлемді автоматты түрде ұзартамыз, - дейді Біржан Нұрымбетов.

Оның айтуынша, төлем ай сайын толық көлемде төленеді.  Яғни, ол тек қалған күндер үшін есептелмейді.  

Мысалы, әлеуметтік төлем 14 сәуірде тағайындалса (төтенше жағдайдың бірінші айының аяқталуына бір күн қалса да), онда ол төлем толық көлемде беріледі. Жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары және басқа аударымдар 42 500 теңге аударымнан ұсталмайды. Сондай-ақ банктер мен ұйымдарға осы сомадан қарыздарын өндіруге тыйым салынады (несиелер, коммуналдық төлемдер және т.б. үшін), - дейді министр. 

БЖЗҚ-дағы зейнетақы жарналарына 42 500-ден ұсталмағанына қарамастан, бұл айлар болашақта базалық және бірлескен зейнетақы тағайындау кезіндегі еңбек өтілі ретінде ескеріледі. Өтініш беруші осы айлардағы табысты өзіне ыңғайлы кез-келген айлармен алмастыра алады. 42 500 теңге төлемі атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде кірістерге қосылмайды.

Зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақы ай сайын төленеді.  Әрі қарай оларға 1 сәуірден бастап мөлшерін индексациялау арқылы толық ақы төленеді. Елде 4 миллионнан астам адам жылына 3,5 триллион теңгені құрайтын зейнетақы мен жәрдемақы алып отыр. Осылайша аталмыш санат үшін 42 500 теңге қарастырылмаған.

Бірақ егер зейнеткер, мүгедек және төтенше жағдай жариялағанға дейін мемлекеттік жәрдемақы алушы болса, яғни 16 наурызға дейін ол ресми түрде жұмыс істеген болса (қызмеькер, жеке кәсіпкер немесе БЖТ төлеушісі болған), онда ол 42 500 теңгеге өтініш білдіре алады. Дегенмен, егер ол төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты осы кірісін жоғалтқанын көрсетуі тиіс, - дейді Біржан Нұрымбетов.

Оның айтуынша, егер зейнеткер немесе мемлекеттік жәрдемақыны алушы төтенше жағдай алдында ресми түрде жұмыс істемесе, төтенше жағдай жарияланғаннан кейін, яғни 16 наурыздан кейін оларға 42 500 теңге бөлінбейді. Оларға БЖТ төлеп, өтініш беру қажеті жоқ.

Заңгерлер төтенше жағдайға дейін ресми түрде жұмыс істеген зейнеткерлерге кірістерін жоғалтуына байланысты 42 500 теңге ала алмайтындығын еске салады, өйткені заң бойынша зейнеткерлер мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, оған 42,500 төленетін) әлеуметтік жарналар төлеуден босатылады.

Біз мұны білеміз. Азамат БЖТ төлеген кезде ол сома (2651 теңге) төрт төлемге бөлінеді (жеке табыс салығы, бюджетке төленетін әлеуметтік аударымдар, БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналары және медициналық сақтандыруға). Заңға сәйкес, зейнеткерлер мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік жарналарды төлеуден босатылғандықтан (БЖЗҚ мен ҚҚАЖ төлемдерінен де), БЖТ-ның бар сомасы бюджетке - жеке табыс салығы ретінде түседі. Бірақ зейнеткерлер үшін біз ерекше әлеуметтік жағдай жасап, олар төлеген БЖТ-ны оның ресми жұмысы ретінде мойындадық, - дейді министр.

Ал студенттер үшін 42500 тағайындаудың жеке санаты жоқ екен.

Олар ересек азаматтар. Сабақтан тыс уақытта жұмыс істеуге тыйым салынбайды.Көптеген студенттер ресми және бейресм жұмыс істеп жүр.  Сондықтан, егер олар төтенше жағдайға байланысты табысын жоғалтса, олар жоғарыдағы санаттардың біріне қосылып алуға құқылы, - дейді ведомство басшысы.

Өзгелердің жаңалығы