Милюк полиция сервистік модельге қалай көшіп жатқанын айтты

4 Мамыр 2021, 11:26
2521
Бөлісу:
Милюк полиция сервистік модельге қалай көшіп жатқанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы полицияның сервистік моделін енгізу туралы өткен брифингте ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк айтты.

Биылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында полицияны сервистік модельге көшіру бойынша тапсырма берді. Полицияны реформалаудың негізгі құралы ішкі істер органдарын жаңғырту бойынша жол картасы атанды. Ол полицияның құрылымы мен штатын оңтайландыруды қарастырады, - деді ол.

Милюк айтқандай, жергілікті полиция қызметінде сервистік модельді енгізу бойынша пилоттық жобалар жүзеге асырылып жатыр.

Сервистік модель полицияның қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша алдын алу субъектілері мен қоғамның бірлесе жұмыс істеуін білдіреді. Шетелдік тәжірибе сервистік модель барлық ел үшін әмбебап болып табылмайтынын және нақты жергілікті жағдайларға бейімделетінін көрсетеді. Сондықтан оны енгізу кезінде біз ұлттық мәдениетті, менталитетті, заңнаманы, географияны және ресурстық мүмкіндіктерді ескереміз, - деді Милюк.

Ол атағандай, бүгінгі таңда Ұлттық сервистік модельді дамытудағы үш негізгі векторды бөліп көрсетуге болады.

Біріншісі - азаматтардың полицияға қол жеткізуін барынша жеңілдетуге және азаматтардың хабарламаларына жедел әрекет етуге бағытталған қадамдық қолжетімділік. Екіншісі - ықтимал қатерлерді уақтылы жою немесе құқық бұзушылықтардың алдын алу. Үшіншіден, бұл - халықпен тығыз серіктестік, себебі қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемалары көбінесе жергілікті маңызға ие, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы