mGOV қосымшасымен 90-ға жуық мемлекеттік қызмет алуға болады

18 Ақпан 2019, 13:46
2982
Бөлісу:
mGOV қосымшасымен 90-ға жуық мемлекеттік қызмет алуға болады

Астана, BAQ.KZ тілшісі. mGOV мобильді қосымшасы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны артады. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» басқарма төрағасы Әсет Тұрысов мәлімдеді.

«Былтыр mGOV мобильді қосымшасы арқылы 89 қызмет қолжетімді болды. Биыл ондағы қызмет санын арттырып, дизайн және интерфейсімен жұмыс жасаймыз. Былтыр eGOV-ты, биыл мобильді қосымшаны жетілдіреміз. Жақында ғана 12 қызметті іске қостық. 20 күннің ішінде 14 мың қызмет өңделді. Былтыр mGOV қосымшасы 1,3 млн рет жүктеліп, 2017 жылмен салыстырғанда 58% артты. Қосымша арқылы 3,6 млн астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді», - деді Тұрысов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Ол азаматтарға 1414 call-орталығына хабарласып, не болмаса Телеграммдағы чат-ботқа жазып консультация алуға болатынын ескертті. Болашақта 1414-ке хабарласпай-ақ чат-бот арқылы 303 қызмет туралы консультация алу мүмкін болмақ.

Еске сала кетсек, 2018 жылы «Электрондық үкімет» порталы арқылы азаматтарға 27,5 млн қызмет көрсетілген болатын.

Назерке Абибулла 

Өзгелердің жаңалығы