Мессидің спорттық мансабындағы ең сәтті соғылған голы қандай

10 Қазан 2019, 17:00
2100
Бөлісу:
Мессидің спорттық мансабындағы ең сәтті соғылған голы қандай

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Каталондық "Барселона" шабуылшысы Лионель Месси карьерасындағы ең үздік гол туралы айтты. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Форвардтың сөзінше, ең әдемі голды ол 2009 жылғы Римде өткен Чемпиондар лигасының финалында салған. Шешуші матчта каталондықтар англиялық "Манчестер Юнайтедті" 2:0 есебімен ұтқан еді.

Сонымен қоса аргентиналық футболшы өзі үшін ең мықты бапкер Хосеп Гвардиола болғанын айтады. Испаниялық маман "Барсаны" 2008 бен 2012 жылдар аралығында жаттықтырған болатын. 

32 жастағы Месси "Барселоны" футбол клубының тәлімгері және карьерасында осы команда үшін ғана ойнап келеді. Форвардтың клубпен қазіргі келісімшарты 2021 жылдың жазына дейін. 

Marca ақпаратынша, Месси жылына 43 млн еуро алады. 


Өзгелердің жаңалығы