Мешітте намаз оқуға қандай талаптар қойылады

14 Мамыр 2020, 03:31
4453
Бөлісу:
Мешітте намаз оқуға қандай талаптар қойылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 18 мамырдан бастап еліміздегі барлық мешіттер арнайы санитарлық талаптарды сақтай отырып ашылады.

Алайда, тек жекелеген түрде намаз оқуға рұқсат етіледі. Мешіттерде жамағатпен (бес уақыт намаз, жұма намазы, тарауық намазы) намаздар оқылмайды.

Мешітке жеке құлшылыққа келген азамат немесе азаматша ұзақ уақыт мешітте болмауы тиіс. Мешітте болу уақыт ұзақтығы – 15 минут;

Намаз оқушылардың арақашықтығы 1,5 метр болуы керек және арнайы белгіленген орындарда намаз оқып, намаз оқып болғанан соң мешіттен бірден шығып кету;

Мешітке келетін адам санын діни ғимарттың жалпы пайдалы ауданының 30 пайызынан артық толтырмау;

Мешітте қол алыспау керек;

Мешіттерде ауа алмасу жүйесі жақсы жүру үшін барлық есіктерді ашып қою қажет;

Әр 3 сағат сайын намаз оқитын залдарды залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу қажет;

Намаз оқитын залдарда имамдар және намаз оқитын адамдар міндетті түрде бетперде және медициналық қолғаппен болу керек;

Жасы үлкен кісілер, денсаулығы нашар адамдар (ер және әйел) және жас балалар намаздарын үйлерінде оқығаны абзал;

Мешіт дәретханаларын қолдану барысында арақашықтықты және сантитарлық талаптарды сақтауы тиіс;

Мешіттің кіреберісінде тұрған антисептикалық құралдарды пайдалану қажет;

Мешітке кіру бөлек есіктен және шығу бөлек есіктер арқылы болуы тиіс.

Мешітте Құран оқытуға қатысты талаптар:

Құран оқытуға келушілер арасында арақашықтықты (10 адамнан артық кіргізбеу)сақтау;

Құран оқытуға келушілердің аралары 1,5 метр қашықтықты сақтау және арнайы белгіленген орындарға отыру;

Құран оқитын бөлмелерге имамдар және келушілер міндетті түрде бетпердемен отыру;

Гигиеналық талаптарға сәйкес бата жасау (бет сипау және т.б.);

Әр 3 сағат сайын Құран оқитын бөлмені желдетіп отыру;

Құран оқитын бөлмеге кірмес бұрын антисептикалық құралдарды пайдалану;

Құран оқитын бөлмеге кіру бөлек есіктен және шығу бөлек есіктер арқылы болуы тиіс.

Неке бөлмелеріндегі іс-шараларға қатысты талаптар:

Неке қиюға шариғат талаптарына сәйкес, неке бөлмесінде куәгерлерден басқа адамдар болмауы тиіс;

Неке қиюшылардың аралары 1,5 метр қашықтықты сақтау және арнайы белгіленген орындарға отыру;

Неке залдарында имамдардың және келушілердің бетперде және медициналық қолғаппен болу керек;

Неке қиып болған соң бірден мешіттен шығуы керек;

Неке қию бөлмесіне кіруден алдын антисептикалық құралдарды пайдалану қажет;

Әр 3 сағат сайын неке залдарын залалсыздандыру қажет.

Өзгелердің жаңалығы