Бас жаңалықтар
Елімізде тағы бір мереке күні пайда болды
30 Қаңтар 2019, 10:16 1243

Елімізде тағы бір мереке күні пайда болды

Алматы, BAQ.KZ. Қазақстанда жаңа кәсіби мереке – Су шаруашылығы қызметкерлері күні пайда болды. Бұл жайында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі «Әділет» сайтында жарияланды.

«Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабына сәйкес ҚР Үкіметінің қаулысымен мерекелік күндердің тізбе мазмұны 17-2-тармақпен толықтырылсын: Су шаруашылығы қызметкерлері күні – 9 шілде»,-делінген құжатта.

Сондай-ақ аталған қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізілсін делінген.

Су шаруашылығы саласының жұмысшылары еліміздегі су ресурстарын есептеу және оны пайдалануды жоспарлау мен басқару жағымен айналысады. Сондай-ақ, су шаруашылығы жүйесін пайдалану, олардың ластануы мен сарқылуынан қорғау да солардың қызметіне жатады.

Сізден жаңалық