Мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі өзгермек

7 Ақпан 2019, 14:27
3751
Бөлісу:
Мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі өзгермек

Астана. BAQ.KZ тілшісі. Енді мемлекеттік қызметке орналасу ашық конкурс арқылы жүргізіледі. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мәлім етті.


«Біз мемлекеттік қызмет саласындағы заңдарға кешенді түрде өзгеріс енгізілетінін мәлімдегенбіз. Оның басым бөлігі алдағы уақытта мемлекеттік қызмет туралы заңда көрініс табады. А корпусына үміткерлер конкурсы тура өткізіледі. Кадрлық резерв институты қысқартылады. Мемлекеттік қызметке сырттан келуге жол берілмейді. Мемлекеттік қызметке орналасу толығымен ашық конкурс арқылы жүргізіледі», - деді ол Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2018 жылды қорытындылауға арналған отырысында.

Осы орайда Шпекбаев аталған өзгерістер әлемдік компанияларда жұмыс істеген, әрі әлемнің беделді оқу орнына білім алып, PhD дәрежесін алған жоғары білікті мамандандарды мемлекеттік қызметке тартуға мүмкіндік беретінін айтты. 

«Мемлекеттік қызметкерлердің конкурсындағы кадрларды іріктеу тәртібі үштен екіге қысқарды. Яғни біз әлемдік тәжірибедегідей екі конкурсты біріктіреміз. Нәтижесінде екі конкурс қалады. Осылайша, бизнестегі жас таланттарға мемлекеттік қызметке келуге мүмкіндік береміз», - деп түйіндеді сөз төраға.

Айта кетейік, осыған дейін сарапшы Рахим Ошақбаев Түркістан полициясы 422 млн теңге кресло сатып алғысы келетінін,  өткен жылы қанша шенеунік парамен ұсталғанын, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев жалған медициналық анықтамалармен күресудің жолын ұсынғанын хабарлағанбыз.

Дәурен Ерболат


Өзгелердің жаңалығы