Бас жаңалықтар
Мемлекеттік бюджетке 500 млрд теңгеден аса кірістер түсті
16 Ақпан 2021, 09:42 383

Мемлекеттік бюджетке 500 млрд теңгеден аса кірістер түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің онлайн отырысында осы жылғы қаңтардағы мемлекеттік бюджеттің атқарылу көрсеткіштері мен қаржылық ахуалы туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев баяндап берді.

Мемлекеттік бюджетке 526 млрд теңгеге кірістер түсті немесе жоспар 116,1%-ға атқарылды. Республикалық бюджетке 288 млрд теңге сомасында кірістер түсті немесе жоспар 90%-ға атқарылды, - деп баяндады Қаржы министрі.

Сонымен қатар, министр атағандай, кірістер бойынша жоспар 32 млрд теңгеге, оның ішінде салықтар - 37 млрд теңгеге атқарылмады.

Салықтар бойынша орындалмаудың негізгі сомасы қосылған құн салығына және корпоративтік табыс салығына тиесілі, - дейді ол.

Осы ретте министр Жамаубаев қосылған құн салығы бойынша жоспардың орындалмауының себептерін атады.

Біріншіден, 2020 жылғы қаңтармен салыстырғанда қосылған құн салығы қайтарылуының 2,3 есеге өсуі. Екіншіден,  «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі деректеріне сәйкес сату бойынша айналымдардың 14%-ға азаюы. Негізгі төмендеу тау-кен өндіру өнеркәсібі саласына тиесілі, онда айналымдар өткен жылғы қаңтармен салыстырғанда  29%-ға немесе 373 млрд теңгеге азайған. Сондай-ақ, 2020 жылғы қаңтармен салыстырғанда Қазақстан Республикасының үшінші елдермен тауар айналымы 22%-ға төмендеген, - деп түсіндіріп берді министр.

Одан бөлек, корпоративтік табыс салығы бойынша жоспардың орындалмауы 743 ірі салық төлеуші бойынша мәлімделген аванстық төлемдер сомасының өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 38%-ға немесе 28,6 млрд теңгеге азаюына байланысты.

Жергілікті бюджеттердің кірістері 178,6%-ға атқарылды және 239 млрд теңгені құрады. Жалпы жоспар 105 млрд теңгеге, оның ішінде салықтар бойынша 90 млрд теңгеге асыра орындалды, - деп айтты Жамаубаев Үкіметте.

Оның сөзінше, барлық өңірде кірістер бойынша жоспарлар асыра орындалды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...