Мемлекет басшысы Арыста зардап шеккендермен кездесті

24 Маусым 2019, 23:16
2831
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Арыста зардап шеккендермен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Түркістан облысына жасаған сапарында Қорғаныс министрімен және зардап шеккен тұрғындармен кездесті.

"Қаланы қалпына келтіреміз. Бұл төтенше жағдай. Үкімет қаражат бөледі, көмектеседі, алаңдамаңыздар", - деді Мемлекет басшысы тұрғындармен кездесуінде.

Мемлекет басшысы Арыста зардап шеккендермен кездесті

 ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осыған дейін өзінің Твиттердегі парақшасында Арыс қаласына ұшып шығатыны туралы жазған еді.

"Төтенше жағдайлардың зардаптарын жою бойынша атқарылған жұмыспен танысу үшін және тұрғындардың қауіпсіздігі мен оларға қажетті көмек көрсету бойынша нақты шаралардың қабылдануын қамтамасыз ету үшін Арыс қаласына ұшып шықтым", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.


Өзгелердің жаңалығы