Мәжіліс мембасқару жүйесі мен бюджетаралық қатынастарды жетілдіретін заң жобасын қолға алды

2 Қазан 2019, 11:13
2462
Бөлісу:
Мәжіліс мембасқару жүйесі мен бюджетаралық қатынастарды жетілдіретін заң жобасын қолға алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында кейбір заңнамалық актілерге ҚР әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мәселесі қаралды. 

Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов аталған заң жобасы шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік салықты жергілікті бюджеттерге беруге байланысты фискалдық орталықтандыру шеңберіндегі бюджетаралық қатынастар саласындағы ҚР заңнамасын жетілдіруге, сондай-ақ мемлекеттік күзет қызметіне және сыртқы барлау қызметін қайта құрумен байланысты ҚР заңнамасына сәйкестендіруге бағытталғанын атап өтті. 

«Заң жобасында жер, бюджет, құрылыстық процестік, азаматтық процестік және салық кодексіне, сондай-ақ «ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы», «ҚР қорғанысы және қарулы күштері туралы», «Табиғи монополиялар туралы», «ҚР астанасының мәртебесі туралы», «Жол жүрісі туралы» жалпы 12 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделуде. Құрметті депутаттар, экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті осы заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша 2021 жылдың 11 қарашасына дейін қорытынды әзірлеуге дайын», - деп сөзін түйіндеді Сабильянов.

Бұған дейін республикалық бюджетке өзгерістер енгізу туралы заң жобасы әзірленетіні хабарланған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы