Мектептерде жаңа жылдық кештерді өткізуге рұқсат етіле ме?

2 Желтоқсан 2021, 12:19
1972
Бөлісу:
Мектептерде жаңа жылдық кештерді өткізуге рұқсат етіле ме?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың кулуарында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептерде жаңа жылдық кештер мен бұқаралық іс-шараларды өткізу мәселесіне қатысты пікірін білдірді. 

Ертеңгіліктер мен басқа да қоғамдық іс-шаралар  мектептерде өткізілмейді. Бас санитарлық дәрігердің шешімі бар, бұл шешімді барлығы орындайды, - деп айтты Білім министрі.

Айтуынша, санитарлық талаптар бойынша мектептерде ертеңгіліктер немесе басқа да бұқаралық іс-шаралар болмайды.

Мерекелерді бір сынып ішінде өткізу туралы шешім мектеп әкімшілігі деңгейінде қабылданады, - деп түсіндірді Аймағамбетов Сенатта.

Өзгелердің жаңалығы