Мектептерде жаңа жылдық іс-шаралар өткізілмейді

17 Қараша 2020, 14:06
2215
Бөлісу:
Мектептерде жаңа жылдық іс-шаралар өткізілмейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифингте ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова айтты.

Мектептерге барып оқитын оқушылар үшін мектептерде жаңа жылдық іс-шаралар өткізілмейді. Соңғы екі апта ішінде сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, қосымша шектеу шаралары қабылданды. Біздің бүгінгі міндетіміз – карантин шараларын сақтау. Әзірге эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, осы кезеңде қосымша карантиндік шаралардың қабылдануы жоспарда жоқ. Карантиндік шаралардың қатаңдығы эпидемиологиялық жағдайдың әр өңірде қалай қалыптасатынына байланысты болады. Ал, эпидемиологиялық жағдай қалай қалыптасатыны әрқайсымызға тікелей байланысты,-деп түйіндеді Есмағамбетова. 

Бұған дейін ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова қашықтан оқу форматында білім алып жатқан оқушылар компьютерлермен қамтамасыз етілгенін мәлімдеген болатын.

Өзгелердің жаңалығы