Мектептерде карантин талаптары қалай сақталып жатыр?

12 Қазан 2021, 17:22
19070
Бөлісу:
Мектептерде карантин талаптары қалай сақталып жатыр?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова білім беру ордаларындағы карантин талаптары қалай сақталып жатқаны туралы баяндап берді.

Айта кетейік, еліміздің білім беру ұйымдарында COVID-19 індетінің таралуына жол бермеу жөнінде шектеу іс-шаралары кезеңінде оқу процесінің форматы ВАК-тың шешімімен және эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулыларымен айқындалады.

Жаңа оқу жылында оқу процесі қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, дәстүрлі форматта ұйымдастырылды. Осы жылы 7 мыңнан астам мектепте 3,6 млн-ға жуық оқушы білім алып жатыр. Оның ішінде 86%-ы дәстүрлі форматта, 70/30 қағидаты бойынша 11,8%-ы аралас форматта, 0,6%-ы ата-ананың өтініші бойынша қашықтан оқытылды және сырқаттанғандармен байланыста болған оқушылар қашықтан оқыды, - деді комитет басшысы.
Денсаулық сақтау министрлігінің деректері сәйкес, 11 қазандағы жағдай бойынша оқушылар арасындағы КВИ-мен ауырғандар 1 қыркүйекке дейін 0,15% болса, бүгінгі таңда 0,1%-ды құрайды.
Жазғы демалыс кезеңімен салыстырғанда қазіргі таңда ауырған балалар саны әлдеқайда төмен. Сол себепті барлық білім беру ұйымында термометрия, дезинфекциялық іс-шаралар қатаң бақылауда болуы керек. Оқушылар сыныпқа бекітілген кабинетте «бір сынып – бір оқушы» қағидаты бойынша оқиды. Бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларын барынша бөлуді қамтамасыз етуді ескере отырып, сабақтар арасында үзілістер, қосымша ауысымдар мен кіші ауысымдар, медициналық кабинеттердің жұмыс істеуі, термометрия, жуу және дезинфекциялық құралдар мен ылғалды жинау қарастырылған, - деп атап өтті Гүлмира Кәрімова.
Одан бөлек мектепте өтетін барлық бұқаралық іс-шара тоқтатылған.
Өзгелердің жаңалығы