Мектеп кітапханашыларының жалақысы көтеріледі

30 Қазан 2020, 15:30
52419
Бөлісу:
Мектеп кітапханашыларының жалақысы көтеріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ-да өткен онлайн брифинг барасында ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғани Бейсембаев айтты.

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында тек қана көркем әдебиеттермен ғана толықтыру жеткіліксіз екені белгілі. Сондықтан жол картасында бірнеше міндет көрсетілді.

Мектеп кітапханаларының материалдық-техникалық базасын нығайту. Бүгінгі күні бұл сын көтермейтін жағдайда. Тіпті жаңадан берілген мектептердің өздерінде мектеп кітапханаларына жеткілікті орынның өлінбегендігі көрініп отыр. Сондықтан балалардың кітап оқуға ынтасын, құштарлығын арттыру үшін арнайы оқу залдарының безендірілуіне мән беріліп отыр. Сонымен қатар, жаңа компьютерлермен қамту да қарастырылған, - деп атап өтті Ғани Бейсембаев брифингте.
Сондай-ақ, аталған жұмыстарды үйлестіретін мектеп кітапханашыларының әлеуетін көтеруге де мән беріліп отыр.
Мектеп кітапанашыларының аттестатциядан, оларды арнайы курстардан, оқытудан өткізумен қатар педагогикалық ЖОО-ларда дайындалатын «Кітапханашы» мамандығын «Педагог кітапханашы» деген мамандыққа алмастыру. Сонымен қатар, мектеп кітапханашыларының жалақасын көтеру мәселесі де жол картасында көрсетілігіп, нақтыланған, - дейді ол.
Кітапхана қызметін үйлестіруге қатысты нормативтік-құқықтық актілерді қайтадан жаңартып, жетілдіру қолға алынады.
Мектеп кітапханаларын цифрландыру бағытында жұмыстар атқару көзделіп отыр. Яғни бұл - бірінші кезекте биылдан басталған жұмыстардың бірі. Мектеп оқулығының барлығы Ұлттық деректер базасына енгізілді. Осы ізбен болашақта көркем әдебиеттер де Ұлттық деректер базасына енгізіліп, оқушылардың кітапқа құмарлығының қаншалықты деңгейде екенін, қандай кітапты оқитыны және сол әдебиеттердің балалар қызығушылығын қаншалықты арттыратындығысонымен қатар, әр мектепті қаншалықты деңгейде көркем әдебиетпен толықтырып өту керектігі анықталатын болады, - деді ол.
Орталық директоры айтқандай, осы мәселенің бәрі қолға алынған жағдайда мектептер 5 жыл ішінде 100% көркем әдебиеттермен қамтылады. Екіншіден, кітапханашылардың әлеуеті көтеріліп, жалақылары артады.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқушылардың 5 жылдың ішінде PISA көрсеткіштері бойынша оқу сауаттылығы бірнеше есеге артатыны күтіледе. Бүгінгі күннің өзінде де мектеп оқушыларының, жалпы жастардың кітап оқуға құмарлығының бар екендігі, балалардың осы бағытта мектептердің де жұмыс істеп жатқандығы көрініп отыр. Енді жергілікті, аймақтағы әкімдіктер мектеп кітапханаларын жыл сайын 20%-ке көркем әдебиетпен толықтырып отыратын болса, жастардың кітап оқуға ынтасының одан әрі арта түсетінін байқап отырмыз. Осы жұмыс аясында бірнеше мектепте үлкен жұмыстар атқарылып отыр. Соның ішінде «Білім-инновация» лицейінде түрлі жаңалықтар енгізіліп отыр. Онымен қоса, «Оқу сағаты» деген жоба бар. Яғни күн сайын мектепке келген оқушы 20 минуттай уақытын кітап оқуға ынтасын арттыруға жұмыс істеп жатыр, - деп айтты Ғани Бейсембаев.

Өзгелердің жаңалығы