Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше Мехико қаласында құлаған метро көпірі салдарынан зардап шегушілер саны 20-ға дейін артты, 49 адам ауруханаға жатқызылды, деп жазды interfax.kz.
Метро көпірі Olivos стансасының 12-линиясында кеше кешке құлаған. Көпір үстінен пойыз өтіп бара жатқанда оның жақтауларының біріне көлік соғылған.
Мексиканың Сыртқы істер министрі Марсело Эбрард Twitter-дегі парақшасында қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.
Бүгін метрода болған жағдай үлкен трагедия. Апат салдарынан қаза болғандарға қайғырып көңіл айтамын. Бұл оқиғаның мән-жайы зерттелуі тиіс, оған кінәлілер жауапкершілікке тартылуы керек, - деп жазды ол.