Мәжіліс ЕАЭО-ға Арменияның қосылуына қатысты құжатты мақұлдады

14 Сәуір 2021, 11:49
2464
Бөлісу:
Мәжіліс ЕАЭО-ға Арменияның қосылуына қатысты құжатты мақұлдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 10 қазандағы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан  заңының жобасы мақұлданды.

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 10 қазандағы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама 2020 жылғы 14 сәуірде Мәскеу қаласында жасалды және Армения Республикасы үшін өтпелі кезеңді Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифтерін толық имплементациялауға дейін ұзарту жөніндегі уағдаластықтарды іске асыруға бағытталған.

Еуразиялық экономикалық одаққа кіру жөніндегі келіссөздер нәтижесінде Армения Республикасына қосылған сәттен бастап 7 жыл ішінде 981 тауарға қатысты неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарын қолдану мүмкіндігі берілді. Бұл ет, жарма, химиялық өнімдер, автомобильдер, дәрі-дәрмектер, жабдықтардың, құралдардың және асыл тастардың кейбір түрі. Бұл ретте осы тізбені жыл сайын қысқарту көзделген. Арменияға берілген өтпелі кезең 2022 жылы аяқталады, - деді Сұлтанов.

Ол атағандай, 2019 жылғы желтоқсанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес барысында Армения Республикасының Премьер-министрі Бірыңғай кедендік тарифке көшу кезеңін ұзарту туралы өтінішпен жүгінді.

Армения Республикасында қалыптасып отырған экономикалық жағдайды ескере отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың қалған мемлекеттері неғұрлым төмен баждарды қолдану мүмкіндігін 1 жылға ұзартуға келісті, - деді Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.

Министр осы заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырыстары және комитеттің кеңейтілген отырысы өткізілгенін айтты.

Парламент Мәжілісінің барлық комитеті заң жобасына оң қорытындыларын берді. Баяндалғанды ескере отырып, комитет «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасын Қазақстан Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысының қарауына енгізуге болады деп есептейді, - деді ол.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, бір әкеден тарағандардың үйленуінің алдын алу мақсатында Тілеухан ұрықтың жалғыз базасын құруды ұсынған болатын.


Өзгелердің жаңалығы