Мәжіліс депутаттары Асхат Нұсқабайдың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

18 Шілде 2021, 10:45
3015
Бөлісу:
Мәжіліс депутаттары Асхат Нұсқабайдың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Алматы, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесі Бас хатшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Парламентінің өкілетті өкілі Асхат Жарылқасынұлы Нұсқабайдың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты жақындары мен туған-туыстарына орны толмас ауыр қайғыға ортақтасып көңіл айтты. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Өз атымнан және Мәжіліс депутаттарының атынан ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесі Бас хатшысының орынбасары - Қазақстан Республикасы Парламентінің өкілетті өкілі Асхат Жарылқасынұлы Нұсқабайдың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғырып көңіл айтамыз. Дипломатиялық қызметте мол тәжірибесі бар Асхат Жарылқасынұлы Қазақстан мен Қырғызстанның, Қазақстан мен Ресейдің мемлекетаралық қатынастарын нығайтуға зор үлес қосты. Қазақстан Республикасы Парламентінің өкілетті өкілі - ТМД ПАА Кеңесі Бас хатшысының орынбасары лауазымында ТМД елдері арасындағы Парламентаралық ынтымақтастықтың дамуына ықпал етті. Еліміздің патриот азаматы Асхат Жарылқасынұлы туралы жарқын естеліктер жақындарының жүрегінде мәңгі сақталады, – деді Нұрлан Нығматулин.

Асхат Жарылқасынұлы Нұсқабай Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі саласында 1997 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 

2017 жылғы қазанда ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесі Бас хатшысының орынбасары - Қазақстан Республикасы Парламентінің өкілетті өкілі болып тағайындалды.


Өзгелердің жаңалығы