Бас жаңалықтар
МӘСҚ алаяқтық туралы ескертеді
24 Қаңтар 2019, 17:36 1458

МӘСҚ алаяқтық туралы ескертеді

Астана, BAQ.KZ. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) 1991-2018 жылдар (кезең өзгеруі мүмкін) аралығында жұмыс істетеген азаматтарға 560, 600 немесе 720 мың теңге (сома өзгеруі мүмкін) мөлшерінде жәрдемақы төлеп жатқандығы туралы WhatsApp және электрондық пошта арқылы таратылған ақпараттың шындыққа жанаспайтындығы тұралы ескертеді.

"Осындай жалған ақпараттың пайда болуына байланысты, МӘСҚ барлық азаматтарды бейресми дереккөздерден таратылған ақпараттарға сенбеу керектігін ескертеді. Және көпе-көрінеу жалған ақпаратты таратқан адамның заң бойынша жауапқа тартылатындығын еске салады" - делінген МӘСҚ таратқан хабарламада.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі Қазақстанда 2005 жылдан бастап енгізілген және еңбек ету қабілетінен, асыраушысынан, жұмысынан айырылуына, жүктілік және босану немесе жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға,   сондай-ақ 1 жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайларда жұмыс істейтін азаматтарды қолдаудың қосымша деңгейі болып табылады. Яғни, барлық осы жағдайларда жүйеге қатысушы немесе оның отбасы мемлекет төлейтін әлеуметтік жәрдемақыға қосымша МӘСҚ-нан әлеуметтік төлемдер алады.

МӘСҚ барлық азаматтарды әлеуметтік желілер арқылы таратылатын әр түрлі хабарламаларға сын көзбен қарап, тек ресми ақпарат көзінен алынған ақпараттарға ғана сену керектігін ескертеді.

Загрузка...