Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында мас жүргізуші қағып кеткен екінші қыз 4 сәуір күні көз жұмды.
Бұл туралы Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
14 наурыз күні жүргізуші қағып кеткен бір оқушы көз жұмған болатын.
Еске салсақ, 2 наурызда УАЗ көлігінің 54 жастағы жүргізушісі мас күйінде көлікке отырып, 4 қызды қағып кеткен еді. Салдарынан оқушылар ауруханаға, ал жүргізуші айықтырғышқа жөнелтілді.
4 сәуір күні сағат 21:00-де екінші қыз көз жұмды. Ол сегіз жаста болған.