Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желіде Шетпе ауылындағы ат бәйгесі кезінде туындаған жанжал түсірілген кадрлар бар бейнеролик тарап кетті. Бұл айқай-шу таңғы сағат 9:17-де басталған.
Роликтегі кадрдардан полицейлердің шиеленіскен жағдайды тоқтатуға тырысып баққандары көрініп тұр. Алайда, ол бос әурешілік болған. Кәмелет жасқа толмаған балалар бұл оқиғаның еріксіз куәсі болған.Қазіргі таңда БАҚ өкілдері Маңғыстау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ресми түсініктеме беруін күтіп отыр.