Бас жаңалықтар
Маңғыстау облысының әкімі үш елдің консулымен кездесті
20 Қыркүйек 2021, 21:27 411

Маңғыстау облысының әкімі үш елдің консулымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Түрікменстан, Әзербайжан және Иранның Ақтау қаласындағы  консударымен кездесті.

Әуелі Түркіменстан консулы Мұхамметнұр Овезовты қабылдады.

Кездесуде тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, барлық  бірлескен бастамалар мен іс-шараларды қолдауға дайын екендігін мәлімдеді.

Маңғыстау облысында экономиканың түрлі салаларында, түрікмен капиталының қатысуымен 16 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. 2021 жылдың қаңтар-шілдесі аралығында Маңғыстау мен Түрікменстан Республикасының  сыртқы сауда айналымы 14,5 млн АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 49,4%-ға артқандығын көрсетеді.

Әзірбайжан Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы Эльмар Маммадов Рагимоглынымен кездесуде Маңғыстау облысы мен Әзірбайжан Республикасының арасындағы экономикалық байланыстарды одан әрі нығайту, өңір аралық кәсіпкерлікті дамытудың инвестициялық мүмкіндіктері мен перспективалары талқыланды.

Әзірбайжан Республикасы Маңғыстау облысының сыртқы сауда байланыстарында маңызды рөл атқарады. 2021 жылдың қаңтар-шілдесінде   сыртқы сауда айналымы 23,7 млн АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 26,7%-ға артқандығын көрсетеді.

Осы жылдың қаңтар-шілде аралығында Маңғыстау облысының Әзірбайжанға экспорты 19,8 млн АҚШ долларын құрады.

Маңғыстау облысының аумағында Әзірбайжан капиталының қатысуымен тұрғын үй құрылысы, өзде де құрылыс -монтаж жұмыстары, техникалық сынақтар мен талдаулар жүргізетін қызмет, дайын тамақ өнімдері сынды 212 кәсіпорын тіркелген.

Бүгінде Ақтау мен Баку әуе, теміржол, автомобиль және теңіз көлігі бір жерге шоғырланған ірі көлік-логистикалық орталығына айналды.

Жиын соңында екі тарап бірлескен жобаларды жүзеге асыру және екіжақты қарым-қатынасты дамытудың жаңа формаларын іздестіру туралы шешімге келді.

Ал Иран Ислам Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы Хабиболла Малакути Фармен кездесуде Маңғыстау облысы Иран Ислам Республикасымен, оның ішінде Мазандаран, Гулистан провинцияларымен тығыз қарым-қатынаста екендігі атап өтілді. Мәселен, өңірдің Иран Ислам Республикасымен сыртқы сауда айналымы 2021 жылғы қаңтар-шілде аралығында 29,2 млн АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11% - ға өскенін көрсетеді.

Маңғыстау облысының Иранға экспорты 2021 жылғы қаңтар-шілдеде аралығында 2,1 млн АҚШ долларын құрады.

Маңғыстау облысының аумағында Иран капиталының қатысуымен экономиканың түрлі салаларында 30 кәсіпорын тіркелген.

Кездесу соңында тараптар экономиканың түрлі салаларында нақты жобаларды іске асыру үшін ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...