Маңғыстау облысында «Қалқан-2021» оқу-жаттығуы өтті

16 Сәуір 2021, 19:37
1292
Бөлісу:
Маңғыстау облысында «Қалқан-2021» оқу-жаттығуы өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірлескен жедел-тактикалық оқу-жаттығуға Қарулы Күштердің әскери бөлімдері мен бөлімшелері, Ұлттық қауіпсіздік органдары, Шекара қызметі мен Ұлттық ұлан бөлімшелері қатысты. 

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Қорғаныс министрі, генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің директоры, генерал-лейтенант Дархан Ділманов, Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов оқу-жаттығу тәсілдерінің орындалуын бақылады.

Маңғыстау облысында «Қалқан-2021» оқу-жаттығуы өтті

Негізгі іс-қимыл, оқу-жаттығудың жоспарына сәйкес шекара маңындағы ауданда басталды. Алғаш рет мемлекет аумағын күзету бойынша шекара қызметтері мен Қарулы Күштердің бөлімшелері бірлескен іс-қимылды іс жүзінде пысықтады. Сондай-ақ құрамында арнайы операциялар Күштері бар бірлескен әскер топтары құрылды. Әскерлердің іс-қимылы кезінде заманауи қарулы қақтығыстар тәжірибесі кеңінен қолданылды.

Маңғыстау облысында «Қалқан-2021» оқу-жаттығуы өтті

Бұл оқу-жаттығудың әдіс-тәсілдерінің ерекшелігі Каспий теңізінің жағалауында арнайы операциялар күштері құралымдарының толассыз жасаған іс-қимылында көрінді.

Әскери қызметшілер оттегі жабдығын пайдалана отырып, жерден аса биік емес аралықта парашютпен десант түсірді. Бұл секірулер жоғары дәлдікпен орындалып, әрі қарай аумақта барлау жүргізді.

Маңғыстау облысында «Қалқан-2021» оқу-жаттығуы өтті

Бірқатар тактикалық іс-қимыл алғаш рет орындалды.

Ұтқыр топтардан десант түсіруде олардың одан әрі жасайтын іс-қимылдарына техниканы (квадроциклдерді) жеткізу әскери авиация тікұшақтарының сыртқы ілмектері арқылы жүзеге асырылды.

Маңғыстау облысында «Қалқан-2021» оқу-жаттығуы өтті

Әскери-теңіз күштерінің зымыран-артиллериялық кемелерінің қолдауымен бір уақытта әскери жүзгіштер суүсті және суасты тәсілдерімен теңіз жағасындағы плацдармды «басып алды».

Жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу кезінде арнайы операциялар күштерінің жауынгерлері 2020 жылдан бастап әскерлердің жауынгерлік даярлық бағдарламасына енгізіліп жатқан армиялық тактикалық атыс тәсілдерін қолданды.

Маңғыстау облысында «Қалқан-2021» оқу-жаттығуы өтті

Алғаш рет тұрақты негізде әскери-көлік авиациясының ұшағын қондыру үшін көлік жолының әуеайлақ учаскесі қолданылды. Олар жеке құрамды дағдарыс аудандарына жеткізді.

Шабуылдаушы авиация мен артиллерияны қолданып, теңіз жаяу әскерлерінің бөлімшелері заңсыз қарулы құралымдардың ішкі жаққа өтуіне жол бермеді.

Қарсыластың ұшқышсыз ұшу құрылғылары анықталып, олар радиоэлектронды барлау және күрес құралдарының көмегімен жойылды.

Әуеден қонған шабуылдаушы топтар шартты қарсыласты қапталдан қоршап, оларды механикаландырылған бөлімшелер жойды.

Маңғыстау облысында «Қалқан-2021» оқу-жаттығуы өтті

Қорғаныс іс-қимылдарын қолданған кезде «Сақ қорғаны» деп аталған тактикалық іс-қимыл пысықталды.

Бұл шөлді жерлерде қарсыластан таса болатын бірнеше үймегін (қорғандарын) атыс позициясы ретінде қолданылатын жабдықтарды қарастырады.

Қосымша бекіністе тұрған танк ұшқышсыз ұшу аппаратының операторынан басқару пунктінде қарсылас жөнінде мәлімет алып, анықталған нысандарға оқ жаудыртады. Одан кейін әскери көлік тасаға тығылып, жаңа нұсқауларды күтеді. 

Бұл тактикалық әдіс қарсыластың атысынан танктің зардап шегуін төмендетуге, сонымен қатар анықталған нысандарды зақымдаудың тиімділігі мен ойламаған жерден орындалуына мүмкіндік береді.

Қорғаныс министрі оқу-жаттығуға қатысушылардың іс-қимылына жоғары баға берді. Әскери қызметшілерге оқу-жаттығу барысында алған тәжірибелерінің нәтижелерін әскерлерге енгізу және қолдану қажет екенін атап өтті.


Өзгелердің жаңалығы