Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министр Асқар Мамин әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы өткен Үкімет отырысында айтты.
Экономика өсімінің аса маңызды факторларының бірі - қызмет көрсету секторындағы оң динамика болды. Сауда, байланыс, жылжымайтын мүлікпен операциялар, қаржы және сақтандыру қызметі сияқты көрсетілетін қызметтер салаларында оң өсу қарқыны байқалады. Биылғы жылғы қаңтар-сәуірдің қорытындысы бойынша барлық 7 негізгі макрокөрсеткіш бойынша Маңғыстау облысы мен Шымкентте өсу байқалады, - деді Мамин.
Премьер-министр атағандай, 6 көрсеткіш бойынша 5 өңірде өсу байқалады.
Олар: Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды және Қостанай облыстары. Бес өңірде 5 көрсеткіш бойынша оң серпін байқалады. Олар: Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары. Батыс Қазақстан облысында көрсеткіштер төмен. Экономиканың оң өсімі - пандемияны тежеу, сондай-ақ елдің жеке секторы мен өндірістік әлеуетін қолдау жөніндегі шараларды іске асыру тиімділігінің маңызды индикаторы болып табылады, - деді ол.
Мамин экономиканың осы қарқынын алдағы айларда сақтап, оны ұлғайту маңызды екенін атады.
Өңірлердің әкімдері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға ерекше назар аударсын. Жергілікті бюджет есебінен форвардтық азық-түлік сатып алуды қаржыландыруды 10 млрд теңгеге дейін ұлғайтуды және «айналым схемасы» бойынша қаржыландыруды 50 млрд теңгеге дейін жеткізуді қамтамасыз ету қажет. Іскерлік белсенділікті қалпына келтіріп, экономиканы сапалы дамыту үшін ішкі және сыртқы инвестицияны, әсіресе шикізаттық емес салаларға тарту үшін бірлесіп жұмыс жүргізу қажет, - деді Мамин.
Ол атағандай, бұл - қазіргі жағдайда Үкімет үшін басым міндеттердің бірі болып отыр.
Бұдан басқа экономиканың өсуінің тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды факторларының бірі - шағын және орта бизнесті әрі қарай дамыту болып табылады. Бұл жұмыстың негізгі басымдығы жұмыспен қамту мен халықтың нақты табысын арттыру болуы тиіс. Сондықтан өңірлердің басшыларына Мемлекет басшысы қойған міндеттерді тиімді іске асыруды және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырамын, - деді Асқар Мамин.