Мамин министр мен әкімдерге жаңа тапсырма берді

26 Мамыр 2020, 10:42
1550
Бөлісу:
Мамин министр мен әкімдерге жаңа тапсырма берді
Фото: дереккөз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин ауыл шаруашылығына жаңа тапсырма берді. 

Көктемгі егіс жұмыстарын сапалы жүргізу еліміздің азық-түлігін қамтамасыз етудің басты элементтерінің бірі болып табылады. Көктемгі егіс жұмыстарын материалдық және қаржылай қамтамасыз ету үшін мемлекет барлық шараларды қабылдап жатыр. Өздеріңізге белгілі, президенттің тапсырмасына сәйкес, көктемгі егіс жұмыстарына бөлінген қаражат көлемі екі есеге ұлғайды. Мұның өзі ауыл шаруашылығы жұмыстарын толық көлемде жүргізуге, өсімдік шаруашылығында жалпы өнім шығаруды 3,1 трлн теңгеге дейін жеткізуге мүмкіндік береді, - деді Асқар Мамин.

Оның айтуынша, Қазақстан БҰҰ-ның болжамы бойынша әлемдік азық-түлік хабқа айналуы мүмкін.
Біріккен ұлттар ұйымының жанындағы азық-түлік және ауыл шаруашылығы  ұйымының болжамы бойынша, Қазақстан агроөнеркәсіп саласындағы әлеуеті жоғары АҚШ, Аргентина, Аустралия, Бразилиялардың қатарына қосылуға толық мүмкіндігі бар. Бұл орындалатын міндет екенін атап өтемін. Мысалы, Түркістан облысында алдағы 4 жылда ауыл шаруашылығын 3 есеге ұлғайту жоспарланып отыр. Оны өз баяндамасында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев те айтып кетті, - дейді премьер-министр.
Үкімет басшысы осы ретте ауыл шаруашылығы министріне агроөнеркәсіп кешенін дамытудың кешенді жоспараның жаңа тұжырымдамасын әзірлеп енгізуді тапсырды.
Мемлекеттік қолдау аясында заманауи суару технологияларын пайдалану арқылы суарылатын учаскелерді кеңейтуге, сондай-ақ алынатын өнім көлемін арттыруға ерекше назар аударылады. Ауыл шаруашылығы министрлігіне әкімдермен бірге әр өңір бойынша ауыл шаруашылығы саласының ерекшелігін ескеріп, агроөнеркәсіп кешенін дамытудың кешенді жоспараның жаңа тұжырымдамасын әзірлеп енгізуді тапсырамын, - деді Асқар Мамин.


Өзгелердің жаңалығы