Мамандар Көбейтұз көлінің суына талдау жасады

22 Тамыз 2020, 11:37
2641
Бөлісу:
Мамандар Көбейтұз көлінің суына талдау жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК 2020 жылғы 25 шілдеде Ақмола облысы, Ерейментау ауданында орналасқан Көбейтұз көліне жоспардан тыс көлдегі судың, түп шөгінділердің және жағалаудағы топырақтың сынамаларын алды, деп хабарлайды Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.

Көбейтұз көлі суының сапасын талдау 42 физика-химиялық көрсеткіштер бойынша жүргізілді. Түп шөгінділерде кадмий, марганец, мыс, күшәла, никель, қорғасын, хром мөлшері анықталды. Жағалаудағы топырақта - кадмий, мыс, мырыш, қорғасын, хром мөлшері анықталды. Жер үсті суларының сынамаларында уытты, уыттылығы жоғары элементтер мен металдардың жоғары шоғырлануы - күшәла (20,7 мг/дм3), қорғасын (73,8 мг/дм3), кадмий (0,19 мг/дм3), мырыш (15,7 мг/дм3), хром (2,3 мг/дм3), мыс (1,4 мг/дм3), никель (0,4 мг/дм3), молибден (6,2 мг/дм3) анықталды, – делінген хабарламада.

Макро-микроэлементтердің жер үсті суларына түсуінің ықтимал көзі - жер асты топырақтарынан шайылуы. Ерейментау ауданының жер қойнауы алтын, сүрме, тас көмір, боксит, гранит, әктас және басқа да қорларға бай. Судың, түп шөгінділердің, жағалаудағы топырақтың физика-химиялық көрсеткіштерінің нақты шоғырлануы бойынша нәтижелер ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетіне жіберілді.

Көбейтұз көлінде уыттылығы жоғары химиялық заттардың жоғары шоғырлануының болуын ескере отырып, Көбейтұз су айдынының халық үшін қауіпсіздігін белгілеу үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органды тарта отырып, арнайы зерттеулер жүргізу қажет деп санаймыз.
Өзгелердің жаңалығы