Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызмет көрсету үрдісі уақытша тоқтатылды.
Ішкі істер министрлігінің ақпараттық базасындағы техникалық ақауларға байланысты бүгін сағат 9:00-ден бастап республика бойынша барлық Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында мемлекеттік қызмет көрсету үрдісі уақытша тоқтатылды, - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта ІІМ қызметкерлері базаны қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. База жұмысы қалпына келтірілген жағдайда қосымша хабарланады, - делінген хабарламада.