Малайзияда қатаң локдаун жарияланды

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Малайзияда 1 маусымнан бастап кәсіпорындардың көбі жұмысын уақытша тоқтатады.</h4>

 30 Мамыр 2021 2021, 08:43
30 Мамыр 2021 2021, 08:43
3145

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Малайзияда 1 маусымнан бастап кәсіпорындардың көбі жұмысын уақытша тоқтатады.

Өйткені 2 аптаға локдаун жарияланады. Алдағы жарты ай ішінде тек стратегиялық маңызы бар кәсіпорындар ғана жұмыс істейді. Өйткені бұған дейін мұнда тәулігіне 3 мыңдай адам вирус жұқтырған болса, қазір 8 мыңнан асып кетті. Бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Науқастардың көптігіне байланысты жансақтау бөліміндегі орындардың 90 пайызы бос емес.

Негізі Малайзияда қатаң локдаун екінші рет жарияланып отыр. Алғашқысы былтыр наурызда енгізіліп, шамамен 2 айға созылған еді.
Наверх