Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екі салмақ дәрежесінде UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор Францияда қамауға алынды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жергілікті прокуратураның мәлімдемесіне сенсек, 10 қыркүйек күні сексуалды зорлық-зомбылық көрсетті деп танымал спортшының үстіне шағым түскен.
Жерорта теңізінің жағалауында сүйіктісі Ди Девлинмен демалысын өткізіп жатқан спортшыны жандармерия қамауға алып, тергеуден соң босатқан.