Маңғыстауда арнайы операция: 17 адам ұсталды

30 Шілде 2019, 17:15
2301
Бөлісу:
Маңғыстауда арнайы операция: 17 адам ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірнеше ай көлемінде ҚР Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып, Маңғыстау облысының криминогендік ахуалына елеулі әсері бар ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты жедел тексеру іс-шараларын жүзеге асырды. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады. 

Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде ұйымдасқан топ мүшелерінің ауыр және аса ауыр қылмыстарға, оның ішінде адам өлтіруге оқталу, адам ұрлау, қарақшылық шабуыл жасау және басқа да фактілерге қатыстылықтары анықталып, құжатталды.

Ағымдағы жылдың 29 шілдесінде ҚР ҰҚК мен ҚР ІІМ ауқымды арнайы іс-шараны өткізді, оның барысында Жаңаөзен қаласы мен Мұнайлы ауданында бір мезгілде төрт түрлі топтан 17 адам ұсталды.

Олардың мекен-жайлары бойынша жүргізілген тінту жұмыстары барысында 3 дана тапанша мен 1 дана дыбыссөндіргіш, 8 дана кесілген аңшы қарауы, 1 дана «Сайга» карабині, 1 дана ұсақ калибрлі винтовка, 5 дана травматикалық тапанша, 218 дана оқ-дәрі, түрлі суық қарулар (пышақтар, кастеттер және т.б.) табылып, дәлелдемелік зат ретінде алынды.

ҚР ҰҚК мен ҚР ІІМ қызметкерлерінен құрылған ведомствоаралық жедел тергеу тобымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы