Мәжіліс депутаты Түркістандағы кәсіпорын ұжымымен кездесті

17 Шілде 2019, 16:10
2185
Бөлісу:
Мәжіліс депутаты Түркістандағы кәсіпорын ұжымымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Түркістан облысында жұмыс сапарымен жүрген Парламент Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Фахриддин Қаратаев Төлеби ауданында болды.

Іс-сапар барысында мәжілісмен Төлеби ауданындағы жеке кәсіпкердің жиһаз өндіретін кәсіпорнына барып, жұмысымен танысты, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

«Меруерт» жиһаз өндіріс орны 2018 жылдың тамыз айында іске қосылған. Цех негізінен ақ қайың мен қара ағаштан үстел және орындықтар секілді жиһаз түрлерін жасап шығарады. Мәселен, кәсіпорын ай сайын 200 орындықты тұтынушыға ұсынады. Кәсіпорында 25 адам жұмыс жасаса, олардың орташа жалақысының көлемі 66 809 теңгені құрайды.

Ұжыммен кездесуде аудан әкімі Бауыржан Омарбеков «Ленгір машина жасау зауыты» ЖШС, «ЖК Меруерт» жиһаз шығаратын цехі күн сайын дамып, тапсырыс көбейіп, жұмыспен қамтылғандардың саны артып келе жатқанын айтты.

«Осындай кәсіпкерлеріміздің арқасында ауданымыздың ілгері жылжитыны айқын. Биыл ауданда кәсіпкерлік саласы біршама дамыды. Қазір мемлекеттік бағдарламалар аясында халықтың өз кәсібін ашуы үшін қолдау көрсетудеміз», - деді аудан басшысы.   

1.JPG

Өз кезегінде Мәжіліс депутаты Фахриддин Қаратаев шағын және орта бизнесті дамыту еліміздің өркендеуінің өте маңызды талаптарының бірі екенін айтты.

«Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту еліміздің экономикасын жандандыруға және халқымыздың әлеуметтік хал-ахуалын көтеруіне өз септігін тигізеді. Биыл мамыр айында Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық инвесторлар кеңесінде сөйлеген сөзінде кәсіпкерлікке тиімді қолдау көрсету мәселесін көтерген болатын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен қолжетімді несиелеуге 600 миллиард теңге бөлінген. Қасым-Жомарт Кемелұлы мұны «қарапайым заттар экономикасы» тауарларын өндіруге таптырмас мүмкіндік деп атап өтті. Алдағы уақытта кәсіпкерлік саласын дамыту бағытында көптеген бағдарламалар ұйымдастырылып, кәсіпкерлер мен кәсіпорындар көптеп ашылатынына сенімдіміз. Барлықтарыңызға тәжірбие жинап, дамытып, өз кәсіптеріңізді ашуға кеңес беремін. Бәріміз бірге ауданды көркейтейік. Сіздердің кәсіптеріңізге деген адалдықтарыңыз алға жетелейтініне мен сенімдімін», - деді мәжілісмен.

Өзгелердің жаңалығы