Алматы, BAQ.KZ. Депутат Іnstagram-дағы парақшасына коронавирус жұқтырып алғанын жазды.
Қадірлі ағайын! Соңғы күндері көп азаматтар денсаулығыма алаңдаушылық білдіріп, хабарласып жатыр. Әлемдік пандемия салқыны маған да тиді. Коронавирусқа тапсырған тест оң нәтиже көрсетті. Алдымен, үй жағдайында ем қабылдап бастаған едім. Қазір ауруханада дәрігерлердің толық бақылауындамын. Тиісті ем шараларын қабылдап жатырмын. Дәрігерлер атаған COVID-19 симптомдарын бастан өткерудемін, - деп жазды ол.Сонымен қатар, ол қазір вирустың таралу ықтималдығы артқанын, сондықтан, азаматтарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды.
Төтенше жағдай режимі аяқталғанымен, карантин әлі бітпеді. Аман болайық, - деп жазды депутат.