Мұғалімдерге үйден жұмыс істеуге болады – министр

14 Наурыз 2020, 10:30
7608
Бөлісу:
Мұғалімдерге үйден жұмыс істеуге болады – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балабақшалардың әзірге жұмыс жасайтынын атап өтті.

Білім министрі елдегі коронавирус инфекциясына байланысты тиісті бұйрық шығарған. Онда коронавирустың тарап кетпеуі үшін шаралар қабылданған. 
Балабақшалар жұмысын жалғастырады. Бірақ мүмкіндік болса, үйде алып қалған жөн. Үйде қалған балалардың балабақшадағы орны сақталады, - деді Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, оқушыларға каникул кезінде мұғалімдер үйден жұмыс істей алады. Сондай-ақ, 5 сәуірге дейін созылған каникул кейін қашықтықтан оқуға көшуі мүмкін. Бұған мектептер дайын. Дегенмен бұл шара қажет болған кезде қабылданады.
Каникул кезінде мұғалімдер үйлерінде болып, үйлерінде қашықтықтан жұмыс жасауға болады. Мектеп директорларына тиісті бұйрық жеткізілді, - деді БҒМ.

Сонымен қатар, министр оқушылар олимпиадаларын және лагерлердің жұмысын тоқтағанын атап өтті.

Сондай-ақ біліктілікті арттыру курстары уақытша тоқтатылған және кейінге шегерілген. Кей курстарды онлайн режимге көшірген. 
10 мыңдаған мұғалім біліктілікті арттыру курсынан өту керек болатын. Қазір өздеріңіз білесіздер, бір-екі күн ішінде студенттерді үйлеріне қуатын жағдай жоқ... Осы жатақханада қалуым керек, баратын жерім жоқ деген студенттерге қалуға болады. Бірақ жатақханаларда ешқандай шара өтпейді. Студенттер өз бөлмелерінде отырады... Балалар үйіне де қазір сырттан ешкім кіргізілмейді, - деп қосты Аймағамбетов.

Өзгелердің жаңалығы