Бас жаңалықтар
Ұлыбританияда онлайн-сауданың өсуінен 23 мың дүкен жабылмақ
22 Қаңтар 2019, 09:47 1361

Ұлыбританияда онлайн-сауданың өсуінен 23 мың дүкен жабылмақ

Алматы, BAQ.KZ. Altus Group компаниясының болжамынша, 2019 жылы Ұлыбританияның ірі қалаларында 23 мыңнан аса дүкен мен шағын кафелер жабылып, 175 мың адам жұмыстан қысқаруы мүмкін. Бұл туралы The Guardian басылымы хабарлайды.

Altus Group жасаған баяндамада, мұның барлығы онлайн-сауданың өсуі мен Amazon сияқты онлайн дүкендердің шарықтап дами түсуінен деп айтылған.

Зерттеушілердің айтуынша, осы жылы бөлшек сауда ісі 2018 жылға қарағанда анағұрлым төмендемек. Өткен жылы ел бойынша 20 мың дүкен жабылып, 150 мың адам жұмыссыз қалған.

Өткен жылы қалалардың орталық көшелерінде орналасқан House of Fraser, Evans Cycles, Maplin және Poundworld, сонымен қатар Mothercare пен Carpetright сынды танымал ритейлерлер жабылып қалған. 2019 жылдың басында Marks & Spencer және Debenhams сынды дүкендер жабылуды жоспарлап отыр.

Altus Group компаниясының болжамынша, сатуып алушылар әдетінің өзгеруіне байланысты 2019 жылы сауда алаңдарының бағасы 15,9% арзандайды.

Сондай-ақ, өткен аптада Кирколди қаласындағы ірі сауда орталықтарының бірі Postings 1 фунт стерлингке сатылымға шығарылғандығы айтылды.

 

Загрузка...

Сізден жаңалық