Ұлттық қорда қанша ақша бар?

26 Маусым 2019, 15:59
3286
Бөлісу:
Ұлттық қорда қанша ақша бар?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов есеп беру кездесуінде 2019 жылдың 5 айындағы бюджеттің атқарылуы туралы айтты.

«2019 жылдың 5 айында мемлекеттік бюджетке кіріс – 105,4%, республикалық бюджет – 102,7% және жергілікті бюджет 113,4% құрады. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда мемлекеттік бюджет кірістері – 510 млрд теңгеге, республикалық бюджет – 450 млрд теңгеге және жергілікті бюджет 60 млрд теңгеге өсті», - деп айтты Үкімет басшысының бірінші орынбасары.

Смайылов Ұлттық қор қаржысы туралы да мәлімет берді.

«2018 жыл соңында Ұлттық қордағы қаржы 26,1 трлн теңгені немесе 61,6 млрд АҚШ долларын құрады. Былтыр Ұлттық қорға 5,8 трлн теңге келіп түсті, оның 3,2 трлн теңгесі – мұнай секторы ұйымдарының тікелей салықтарынан, 2,5 трлн теңге – инвестициялық кірістерден, 21,6 млрд теңге басқа да түсімдерден түсті. 2018 жылы Ұлттық қор қаржысының 2,6 трлн теңге жұмсалды: оның ішінде кепілдендірілген трансферт түрінде бюджеттік бағдарламалар шығындарын қаржыландыруға – 2,6 трлн теңге, қорды басқаруға бйланысты шығындарды жабуға 18 млрд теңге бөлінді. 2018 жылы республикалық бюджетке мақсатты трансферт түрінде Ұлттық қор қаржысы бөлінген жоқ», - деп айтты Қаржы министрі.

Өзгелердің жаңалығы