Көлгінов Қосшыдағы лифт құрылысы зауытында болды

19 Қазан 2019, 16:51
2503
Бөлісу:
Көлгінов Қосшыдағы лифт құрылысы зауытында болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов Ақмола облысының Қосшы ауылында орналасқан "AUXE" (Schneider Lift &Escalator) лифт құрылысы зауытында болды. 

Компания лифтілер, эскалаторлар мен траволаторлар шығарады. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа Жолдауында "қарапайым заттардың экономикасын" дамыту қажеттілігі туралы атап өтті. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық өндіріс тауарларының көлемін арттыруды тапсырды. 

Фирманың бас директоры Нариман Хабибтің айтуынша, лифт құрылысы зауыты жылына 1000 лифт, 200 эскалатор жасап шығарады. 

Жыл басынан бері компания 200 лифт шығарды. Отандық компанияның лифтілері Экспо нысандарында , "көркем Астана" базарында, сауда орталықтарында, тұрғын үй кешендерінде, теміржол вокзалдарында, сондай-ақ Қазақстанның басқа да қалаларында орнатылған. 

Тұрғын үй кешендерін, білім беру мен денсаулық сақтау нысандарын аралау барысында елорда әкімі құрылыс кезінде қазақстандық өндіріс материалдарын пайдалану қажеттігін, сонымен қатар отандық өндірушілерді қолдау қажеттігін ескертті. Өткен жылы елордада 500-ден астам лифт орнатылса, осы жылы 457 лифт орнатылған.

Өзгелердің жаңалығы