Леонардо да Винчидің жоғалып кеткен картинасы саудтық ханзаданың яхтасында сақтаулы

11 Маусым 2019, 10:04
2884
Бөлісу:
Леонардо да Винчидің жоғалып кеткен картинасы саудтық ханзаданың яхтасында сақтаулы

Алматы, BAQ.KZ. Бұған дейін жоғалып кетті делініп келген Леонардо да Винчидің «Әлем құтқарушысы» картинасы Сауд Арабиясының ханзадасы Мұхаммед бен Салманның яхтасында сақтаулы тұр. Бұл туралы өнер жайында ақпарат тарататын Artnet порталы мәлімдеді. 

Атақты суретшінің бұл картинасы 2017 жылы бәссаудада жеке коллекционерге 450 млн долларға сатылған. Осылайша ол тарихтағы ең қымбат өнер туындысы атанды.

New York Times басылымының мәліметінше, картинаны Мұхаммед бен Салманның досы Бадр бен Абдулла бен Мұхаммед бен Фархан Әл Сауд сатып алған. Кейіннен Christie's бәссауда үйі картинаны Абу-Дабидің мәдениет және туризм департаменті сатып алғанын мәлімдеді. Біраз уақыт өткен соң Біріккен Араб Әмірліктеріндегі  француздық Лувр музейнің филиалы картина соларда болатынын айтқан, кейін картинаның презентациясын кейінге қалдырған. Уақыт өте келе БАҚ-та музей қызметкерлері картинаның қайда екенін білмейтіні жайлы ақпарат тарады.

Artnet порталы таратқан дерекке сүйенсек, картина ханзаданың яхтасына жеткізілген. Сауд Арабиясы елінің билігі Әл-Ула қаласында көлемді мәдени орталық салмайынша картина сонда сақталмақ.

Өзгелердің жаңалығы