Әлемдегі ең мықты Android-смартфондар анықталды

4 Сәуір 2019, 09:47
2907
Бөлісу:
Әлемдегі ең мықты Android-смартфондар анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай компаниясы – Xiaomi рейтинг бойынша бірінші орында тұр. Бұл туралы Life.ru сайты хабарлайды.

372 072 ұпай жинаған Xiaomi Mi 9 Explorer Edition бірінші орында тұр. 371 878 ұпай жинаған Xiaomi Mi 9с екінші орында болса, 365 430 дауыс жинаған Vivo iQOO Monster edition үшінші орында тұр.

Galaxy S10+, Galaxy S10, Vivo iQOO, Lenovo Z5 Pro GT, Nubia Red Magic Mars, Honor View 20 және Huawei Mate 20X үздік ондыққа кірді.

Сарапшылардың болжауынша, жақын арада бұл рейтинг өзгереді. Осы айда Meizu 16s және Red Magic 3 шығып, Huawei P30 мен P30 Pro тестілеуден өтеді.

Өзгелердің жаңалығы