Бас жаңалықтар
Әлемде доллар бағамы әлсіреді
22 Қазан 2019, 07:15 325

Әлемде доллар бағамы әлсіреді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі 2019 жылғы 11 – 18 қазан аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолуында хабарлады.

"Сыртқы валюта нарығында 2019 жылғы 11 – 18 қазан аралығындағы кезеңде бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. Еуроодақ пен Ұлыбритания Брекзит бойынша келісімдерге қол жеткізді, енді оны дауыс беру арқылы Британия парламенті мақұлдауға тиіс. АҚШ-та бөлшек сауда бойынша жағымсыз деректер шықты – қыркүйекте 0,3%-ға а/а қысқару (алғашқы 7 айда), өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіші де қыркүйекте -0,4% а/а теріс аймақта. ХВҚ әлемдік экономиканың өсу қарқындары бойынша болжамдарын 2019 жылы 3%-ға дейін 0,2%-ға төмендетті. Қытай экономикасы 2019 жылғы 3-тоқсанда өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 6%-ға дейін баяулады, бұл талдаушылардың болжамынан төмен. Аталған факторлар дамыған елдер валютасымен салыстырғанда АҚШ доллары бағамының әлсіреуіне әкелді", - делінген хабарламада.

Ал 21 қазандағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,1%-ға әлсіреп (389,52-ден), бір АҚШ доллары үшін 389,98 теңге деңгейінде қалыптасты.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...