Қызылордалық диқандар жоғары өнім алды

1 Қараша 2020, 01:32
1752
Бөлісу:
Қызылордалық диқандар жоғары өнім алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысының күріш өсірушілері биыл судың аздығына қарамастан, жоғары өнім алды. Жалпы өнім көлемі 551 мың тонна. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Облыс диқандары биылғы жылы жақсы өнім ғана емес, сонымен қатар 1 гектардан орташа есеппен 61,8 центнерден күріш жинап, елдің астық сақтау қоймаларына 551 мың тонна күріш құйып, күріштің өнімділігі бойынша да, жалпы түсімі бойынша да рекорд жаңартты, - деп атап өтті әкімдікте.

Салыстырмалы түрде айтар болсақ, 2019 жылы Қызылорда облысының аграрийлері гектарынан орта есеппен 60,3 центнерден өнім жинады, ал жалпы облыс бойынша күріштен дәнді дақылдар жинау 530,5 мың тоннаны құрады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қызылорда облысында өсімдік шаруашылығын әртараптандыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Ылғалды қажет ететін дақылдар егісінің төмендеуіне жыл сайынғы судың жетіспеушілігі әсер етеді.

Аймақта заманауи суару жүйелері – тамшылатып суаратын аквагельдер енгізілуде.

Баспасөз қызметінде атап өткендей, қазірдің өзінде Жаңақорған ауданында аквагельдерді қолданудың жақсы тәжірибесі бар. Күздік бидай себілген 80 гектар жердің әр гектарынан орта есеппен 18 центнерден өнім алынды. Енді бұл тәжірибені өңірдің басқа аймақтарына тарату жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы