Бас жаңалықтар
Қызылордада індетпен күресуге 30 ұйым тартылды
01 Қараша 2020, 04:40 173

Қызылордада індетпен күресуге 30 ұйым тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда аймағында індетпен күресуге 30 медициналық ұйым тартылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.

30 медициналық ұйымның жартысы қалалық, қалғаны аудандық аурухана.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан бөлінген қаржы пандемия кезінде медициналық көмек көрсетуге, медицина қызметкерлеріне үстемақы төлеуге, полимеразалық тізбекті реакцияны (ПТР) анықтауға және мобильді бригадаға, үйдегі стационарға жұмсалды.

Коронавирус инфекциясының болжамды екінші толқынына халықты дәрі-дәрмекпен қамту үшін жұмыс жасалуда. Қазір дәрінің екі айлық қор бар.

Қор филиалы медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін ұйымдардың тарифтерін 2 есеге көтерді. Нәтижесінде коронавирус инфекциясымен және пневмониямен ауыратын науқастарды емдеуге жеке ауруханаларды тартуға мүмкіндік туды. Біз медициналық ұйымдарға дәрі-дәрмектерді толық жеткізу үшін «СК-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісім шарт жасалды. Бірыңғай дистрибьюторға жыл соңына дейін жеткізілетін препараттар үшін жеткізушілерге және өндіруші зауыттарға аванстық төлем төледі, – деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ облыс бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...