Қырғызстанда сел жүріп, алты адам қаза тапты

<p> Алматы, BAQ.KZ. Қырғызстанның оңтүстігінде сел жүріп, кемі алты адам қаза тапты. Бұл туралы ТАСС хабарлады. </p>

 13 Шілде 2021 2021, 16:26
13 Шілде 2021 2021, 16:26
2331

Алматы, BAQ.KZ. Қырғызстанның оңтүстігінде сел жүріп, кемі алты адам қаза тапты. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Сел Ақсый ауданындағы Ақ-Жол ауылдық округінде жүрген. Қырғызстан ТЖМ өкілінің мәліметінше, куәгерлер сел сегіз адамды ағызып әкеткенін көрген. Әзірге құтқарушылар алты адамның мүрдесін тапқан. Тағы екі адам іздестірілуде.

Құтқару-іздеу жұмыстарына ТЖМ мен ондаған жергілікті тұрғын тартылған.

Наверх