Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстан мен Тәжікстан атысты толық тоқтату және әскерді шығару туралы келісті.
Аkipress.org хабарлағандай, бұл туралы Тәжік тарапымен өткен келіссөздердің қорытындысы бойынша Қырғызстан шекара комиссиясының басшысы Қамшыбек Ташиев мәлімдеді.
Тәжікстан МҰҚК басшысы Саймумин Ятимовтың айтуынша, шекараларды делимитациялау жөніндегі комиссиялар бүгін екі мемлекетте қалған барлық дауларды шешу үшін жиналды.
Бүгін екі ел мемлекет басшыларының бастамасымен өте жемісті әңгіме өтті. Шекаралас аудандарда болған қайғылы жағдай ешқашан қайталанбауы керек. Олардың арасында ешқандай шағымдар жоқ. Біз, саясаткерлер, халықтарымыздың бейбітшілік пен достықта өмір сүруі үшін мәселелерді шешуге тиіспіз. Қырғыз және тәжік жерлерінде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мүддесінде мәселелерді шешуге келісімге қол жеткізілді. Менің ойымша, біз мұны жасай аламыз. Жақын арада біз барлық мәселелерді шешеміз және біздің халықтарымыз достық пен түсіністікте өмір сүретін болады және толық тұрақтылық қамтамасыз етіледі, - деді Ятимов.
Ташиев екі елдің мүддесі үшін төрт тармақтан тұратын хаттама қабылданғанын атап өтті.
Иә, бүгінде Қырғызстан мен Тәжікстан халқы өте қиын, дағдарыстық кезеңдерді бастан өткеруде. Мұндай уақытта кездесу бізге өте қиын болды, дегенмен, мемлекет басшыларының тапсырмасы бойынша біз осы іс-шараны өткіздік. Нәтижесінде атысты толық тоқтату және шекара маңындағы әскери құралымдарды тұрақты орналасу орындарына шығару туралы шешім қабылданды. Жақын арада біздің елдерімізде, әсіресе шекара маңындағы аумақтарда тыныштық орнайды деп үміттенемін, - деді ҚР ҰҚК басшысы Қамшыбек Ташиев.