Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ел Үкіметі жанындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев хабарлады.
Оның айтуынша, република аумағында құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі 2020-2022 жылдарға арналған Кешенді жоспар өзекті болып табылады.
Жоспарға есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және браконьерлікпен күрес саласында қосымша 15 жаңа іс-шара енгізілді, - деп атап өтті Ерлан Тұрғымбаев.
Сондай-ақ ол кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуды көздейтін заңнамаға тоқталды.
Өзгерістерді ескере отырып, Білім және ғылым министрлігі кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша заңнамаға түзетулер енгізді. Сонымен қатар аталған жағдайды ескере отырып, кешенді жоспардың 12 іс-шарасы редакцияланды. ІІМ жүйесінде ауқымды өзгерістер жүріп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың нұсқауларына сәйкес реформалардың негізгі бағыты полиция жұмысының сервистік моделіне көшу болып табылады, - деді ведомство басшысы.
Осыған байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі кешенді жоспарға «полиция жұмысының сервистік моделін енгізу жөніндегі тұжырымдаманы» әзірлеу енгізілген.