Қуатты әскер: Резерв қалай жасақталады?

19 Шілде 2021, 12:30
2517
Бөлісу:
Қуатты әскер: Резерв қалай жасақталады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру департаментінің офицері, подполковник Берік Кеңесұлы айтты.

Қуатты әскер: Резерв қалай жасақталады?

Заң жобасы қазіргі кезде заң жобалау жұмыстары жөніндегі ведомствоаралық комитетіне қару үшін әзірлеуде. Ведомствоаралық комитеті мақұлданғаннан кейін, заң жобасы мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға келісу үшін жолданады. Содан кейін жоба келісу аяқталған соң, Үкімет және Парламетке таныстыру үшін ұсынылады. Ол 2022 жылдың екінші жартысына жоспарланған. Тиісті заң қабылданған жағдайда резервшілердің бірінші шақыруы 2024 жылдың екінші жартысында немесе 2025 жылдың басына жоспарланған. Әрине, ол ерікті түрдегі шақырту болады, - деді ол.

Берік Кеңесұлы атағандай, резервтегі қызметке шақырту, келісімшарт бойынша қабылдау аналогиясымен қабылданады.

Артықшылық - әскери дайындығы бар азаматтарға беріледі. Оған мерзімді қызметте әскери қызмет өткендер және әскери техникалық мектептерде, әскери кафедрада дайындықтары бар, тағайындалған лауазымдарға азаматтық мамандықтары жақын болған жағдайда артықшылық беріледі. Сонымен қатар, атқыш және пулеметші мамандарына әскери дайындығы жоқ азамттарды қабылдауға мүмкіндіктері бар, - деді офицер.

Оның айтуынша, резервшілерді дайындауға жаңа әскери құрылу жоспарда жоқ.

Осыдан кейін республиканың барлық аумақтарында орналасқан әскери бөлімдерде осы резервтегі қызметті енгізу жоспарлануда. Резервтегі қызметтің артықшылығы Қарулы Күштерге де, сонымен қатар азаматтарғада бар. Қарулы Күштерді алсақ, резервшілердің әскери бөліміне жету уақыты қысқарады. Екіншіден, әскери бөлімдер жинақталатын резевршілердің дайындығының сапасын жетілдіреді. Және резервшілердің денсаулығық жағдайын үнемі бақылауға мүмкіндік береді. Азаматтар үшін қосымша ақшалай табыс алуға мүмкіндік береді. Ең төменгі айлық және де жиындар өту кезінде жұмыс орны бар азаматтарға орташа айлық, жұмыстары жоқ азаматтарға да ең төменгі айлық төленеді. Сонымен қатар оларға әлеуметтік пакет қарастырылған, - деді Берік Кеңесұлы.

Подполковник атағандай, резервшілердің шектеулі жастары офицерлік құрам 60 жасқа дейін, ал сержанттар мен сарбаздардың құрамы 50 жасқа дейін құрайды.

Әйел адамдар резервтегі қызметке жалпы-негізгі ережелермен қабылданады. Олардың шектеулі жасы - 45 жас, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы