КТ және МРТ қызметтері қолжетімді болады

6 Қаңтар 2020, 14:23
4297
Бөлісу:
КТ және МРТ қызметтері қолжетімді болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Міндетті медициналық сақтандыруға жарна төлейтін азаматтар үшін компьютерлік томография (КТ) және магнитті-резонансты томография (МРТ) 2020 жылдан бастап тегін болады. Яғни, қазақстандықтар үшін КТ және МРТ қызметтері қолжетімді болады.


Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының" Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов айтты.

Бұдан былай пациенттерге отбасылық дәрігерден зерттеуге жолдама алу жеткілікті болады. 
Біз 2020 жылдан бастап КТ және МРТ қызметтері қолжетімді болады деп санаймыз. Қарағандыдағы пилоттық жоба бұл қызметтерге жеке сектордың да қызығушылық танытатынын көрсетті. Өткен жылдың аяғында бұл бағыттағы тарифтер 60%-ға көтерілді, бірақ олар бүгінгі нарықтық бағалардан төмен. Бірақ бұл көлем медициналық сақтандыру жүйесі арқылы қамтамасыз етілетінін ескеру керек. Жеке клиникалар үлкен қызығушылық танытуда, - деді Айбатыр Жұмағұлов.
 
Барлық жолдамалар мен тағайындауларды емханадағы отбасылық дәрігер жасайды. 
Диагнозды да сол қояды, қандай зерттеуге баруды да сол шешеді. Және жалпы денсаулығыңызды бақылайды. Жеке сала маманын таңдау науқастың өз қалауына байланысты болады. Дәрігерді немесе ұйымды таңдай отырып, пациент олардың орналасқан жеріне қарамай-ақ қоюына болады. Дәрігер оны МӘМС шеңберіндегі медициналық қызмет көрсетушілердің тізіміне кіретін кез-келген клиникаға жібере алады. Бұл механизмдер бүгінде нақты белгіленген, - деп түсіндірді қордың басшысы.
Өзгелердің жаңалығы