Кособуцкий кезекті жеңісіне қол жеткізді

5 Тамыз 2020, 09:28
1446
Бөлісу:
Кособуцкий кезекті жеңісіне қол жеткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Беларусь елінің астанасы Минск қаласында бокстан "Kоld Wars" халықаралық турнирінде қазақстандық боксшы жеңіске жетті, деп жазады Prosports.kz.

Кеш аясында ауыр салмақта бақ сынайтын қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (13-0-0) шаршы алаңға шықты.

Отандасымыз польшалық Камиль Соколовскийге (9-17-2) қарсы жекпе-жекте IBO Inter-Continental белбеуін сәтті қорғады. Он раундқа жоспарланған кездесу, соңғы раундтың бел ортасынан ауғанда аяқталды. Польша боксшысы Жанның ауыр соққысынан кейін белгілінген мерзімде орнынан тұра алған жоқ.

Осылайша Кособуцкий кәсіпқой бокстағы 14-жеңісіне қол жеткізді. Ал қарсыласы 18-рет жеңіліске ұшырады.


Өзгелердің жаңалығы