Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтып берді.
Министрдің сөзінше, бесінші бағыт бойынша 6 іс-шара жүзеге асырылады.
«Кәсіби біліктіліктер туралы» заң және жұмыспен қамтудың жаңа үлгілерін реттеу тетіктері әзірленеді.
Сонымен қатар көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленеді. Еліміздің оңтүстігінен солтүстігіне көшіп жатқан азаматтарға жәрдемақы бөлудің қолданыстағы тәсілдерін қайта қаралады, - деді министр өз сөзінде.
Ал алтыншы бағыт бойынша 13 іс-шараны іске асыру көзделген.
Атап айтқанда, ауылдық жерлердегі азаматтық бастамаларды қолдаудың тиімді тәсілдері әзірленеді. Депутат мандатын бөлу кезінде квотаны міндетті түрде ескеру бойынша талап заң жүзінде бекітіледі. Сонымен қатар квота бөлінетін азаматтар санатының тізімін кеңейту жоспарланып отыр, - деп түсіндірді Ұлттық экономика министрі Үкімет отырысында.
Сонымен бірге сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресті жалғастыру мақсатында орта мерзімді кезеңге арналған тиісті стратегиялық құжат бекітіледі.
Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасына өзгерістер енгізіледі. Алаяқтыққа және қаржы пирамидаларына қарсы кешенді шаралар әзірлеу жоспарланып отыр.