Коронавирустың жаңа штаммы балалар арасында жиі таралады

23 Желтоқсан 2020, 10:25
2148
Бөлісу:
Коронавирустың жаңа штаммы балалар арасында жиі таралады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбританияда анықталған коронавирустың жаңа мутациясы ересектерге қарағанда, балалар арасында жиі таралады, алайда оның асқан қауіптілігі туралы мәлімет жоқ.

Ғалымдар жақында Ұлыбританияда табылған коронавирустың жаңа штаммы басқа мутацияларға қарағанда балалар арасында жұқпалы болуы мүмкін деп санайды. Бұл туралы Reuters жазды.

Мутацияны балалар жұқтырып алуға бейім келеді, - дейді Лондондағы Императорлық колледждің профессоры, эпидемиолог, NERVTAG мүшесі Нил Фергюсон.

Ғалымдар мұның жаңа штамм болуы мүмкін екенін айтады. Жаңа штамм қараша айында мектептерде дәстүрлі оқу жүйесі басталғанда пайда болды, сол себепті де оған B.1.1 деген атау берілді, дейді сарапшы.

Зерттеушілердің пікірінше, вирустың жаңа штаммы 50-70%-ға жұқпалы, бірақ оның басқа мутациялармен салыстырғанда ересектер мен балалар арасында өлімге әкелуіне қатысты немесе аурудың ауыр ағымын тудыруы мүмкін екендігі туралы мәлімет жоқ.

Біз балалардың бұл штамға неліктен осал болуының себебін әлі анықтаған жоқпыз, бірақ біз мұндай үрдістің байқалатынын мәліметтерден анық көріп отырмыз, - деді Фергюсон.

Ол болашақта мутацияның қалай әрекет ететінін білу үшін барынша мол мәлімет жинау керек екенін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы